2025 жылдың 7 қараша күні мектебімізге Балқаш медициналық колледжінің жетекшісі Бақыт Нұрбайқызы мен колледж студенттері келіп, 7–9 сынып оқушыларына арналған танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара тақырыбы — «Түйсік, қабылдау, елестету және қиялдау» — оқушылардың психикалық таным процестерін дамытуға бағытталды.
Шара барысында студенттер түрлі ойындар ұйымдастырып, сергіту сәттерін өткізді. Оқушылар белсенділік танытып, ұсынылған тапсырмалар мен жаттығуларға қызығушылықпен қатысты. Іс-шараның мазмұны балаларға ерекше ұнады, олардың эмоциялық көңіл-күйі мен танымдық белсенділігі артты.
Сабақ соңында оқушылар Балқаш медициналық колледжі тарапынан шағын сыйлықтармен марапатталды. Бұл олардың ынтасын арттырып, жағымды әсер қалдырды.
7 ноября в нашу школу прибыли представители Балхашского медицинского колледжа — руководитель Бахыт Нурбайкызы и студенты. Они провели познавательное мероприятие для учащихся 7–9 классов на тему: «Ощущение, восприятие, представление и воображение» — направленное на развитие познавательных психических процессов.
В рамках встречи были организованы интерактивные игры, проведены упражнения на расслабление и активизацию внимания. Все учащиеся приняли активное участие, проявили интерес и вовлечённость. Атмосфера была доброжелательной и мотивирующей.
В завершение мероприятия учащиеся были поощрены памятными подарками от гостей, что стало приятным сюрпризом и оставило положительное впечатление.
