2025 жылдың қазан айында Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының оқушылары жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенділік танытты. Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылары оқу орнының аумағын тазалау жұмыстарына шықты.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласын қоқыстан тазартып, шөптерді шауып, ағаштар мен гүлзарларды күтіп-баптады.
Мұндай игі бастама балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік пен еңбекке деген құрметін арттыруда үлкен рөл атқарады.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығын жоғары бағалап, алдағы уақытта да осындай табиғатты қорғау бағытындағы іс-шараларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр.