13 қазан 2025 жылы мектеп базасында 6–9 сынып қыз оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға гинеколог маман Жақсыгүл Қамалқызы шақырылып, келесі тақырыптар қамтылды:
* Етеккір циклі және жеке бас гигиенасы
* Жыныстық қатынас туралы жауапты көзқарас
* Ерте жүктіліктің салдары және оның алдын алу
* Репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары
Кездесу барысында жасөспірім қыздарға жоғарыда аталған мәселелер бойынша ғылыми, жас ерекшеліктеріне сай ақпарат беріліп, ашық сұхбат жүргізілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға маман толыққанды жауап берді.
Мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі күту мәдениетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің және жыныстық қатынасқа ерте түсу салдарының алдын алу, жеке жауапкершілік туралы түсінік беру.
