2022 жылғы 20 желтоқсан күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында 7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік биология-экология пәндік олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
– Оқушылар бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін анықтау және білімдерін қолдануды ұғыну;
– Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
Мектепішілік олимпиадаға 14 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді. 8 сынып бойынша: I орын — Ашықбаева Нұрайым, II орын — Бекежанова Асем, III орын — Иманбаева Аружан, Дәуренұлы Мейіржан.
7 сынып бойынша: I орын — Шакирова Аружан, II орын — Жасуланова Ерке, III орын — Ұйқасбаева Аяулым, Еділқызы Әнел.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *