Жыл мұғалімі – 2025” байқауының мектепішілік кезеңі өз мәресіне жетті!
Бүгін, 3 қазан күні, Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара аясында дәстүрлі “Жыл мұғалімі – 2025” байқауының мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Бұл байқау – ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, шығармашылық әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға жол ашатын үлкен мүмкіндік болды.
🏅 Нәтижесінде:
3-орын – бастауыш сынып с мұғалім іБалтабаева Еркеназ Аманбекқызы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Муканова Мейрамгүл Берікбайқызы
2-орын – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құрмаш Айнұр Есенқызы
1-орын – физика пәнінің мұғалімі Амантаева Мөлдір Саржанқызы
Бас жүлде – физика пәнінің мұғалімі Амантаев Жанғали Әнуарбекұлы.
Бас жүлде иегері Амантаев Ж. Ә. мектеп намысын қорғап, қалалық кезеңге жолдама алды.
Байқау комиссиясының мүшелеріне қатысушыларды әділ әрі кәсіби тұрғыдан бағалағандары үшін, сондай-ақ көрсеткен қолдаулары мен демеушіліктері үшін зор алғыс білдіреміз. Пәндік бірлестіктердің мүшелеріне де қатысушыларға жанашырлық танытып, қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымызды айтамыз.
Жеке кәсіпкер Каленов Берікке байқауды жоғары деңгейде өткізуге қосқан демеушілік көмегі мен үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында байқау мазмұнды, әсерлі әрі сәтті өтті!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, шабыт пен жаңа кәсіби шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз!
#жылмұғалімі2025 ⤵️⤵️⤵️
