28 ақпан күні «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі өз мәресіне жетті. Тақырыптық апталықтың қорытынды күні 7 «А» сыныбында алгебра пәнінен қысқаша көбейту формулаларын қолданып, санды өрнектердің мәндерін табуда тиімді тәсілді қолдана алуды қайталау мақсатында «Қысқаша көбейту формулалары көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында, 11 «А» сыныбында информатика пәнінен Crowdfunding платформаларының атқару жұмысын және қағидаларын баяндай білуді, «Стартап» ұғымымен таныстыру мақсатында жұмыс «Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді. Онкүндік қорытындылары бойынша бейнеролик жасалды. Онкүндікте өткізілген барлық іс-шараларға белсенділік танытып қатысқан оқушылар мадақтама қағазымен марапатталды.
Онкүндік жоғары дәрежеде өтіп, ең бастысы, пән апталығында оқушылар алған білімдерін сабақ және сыныптан тыс жұмыстарда қолдануға, сондай-ақ бір-бірімен тәжірибе алмасып, білім қорын толықтыруға мүмкіндік алды. Өткізілген сабақтар мен іс-шараларды талдау нәтижесінде мектептің жаратылыстану-математикалық циклі әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері жүйеде оқушылардың шығармашылық әлеуетін белсендіруге ықпал ететін жағдай жасау бағытында жұмыстар атқаруда деп айтуға болады, өз іс-әрекеттерінде заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін жүйелі түрде пайдаланады.