27 ақпан күні «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар:
✅ 9-сыныптар арасында «География лидері» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыс сабағының мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау, оларды тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу. Сайыс VI кезеңде өтті: I кезең «Бәйге», II кезең «Құрастыр», III кезең «Тапқырлар», IV кезең «Ғажайып ондық», V кезең «Толысу», VI кезең «Қорытынды». Сайыста 9 «А» сыныбының тобы жеңіске жетті.
✅ 5-6 сыныптар арасында «Кім жүйрік» математикалық сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау, оқушыларды жарыстыра отырып, оқушылардың білімін арттыру, математика сабағына қызығушылығын арттыру, оқушы бойындағы басқа да қабілетін аша білу, оқушының жан-жақты дамуына әсер ету. Сайыс келесі кезеңдерді қамтыды: «Танысу», «Ұйқы ашар», «Жұлдызды сәт», «Озық ойлы оқушы», «Бәйге», «Қорытынды». Сайыс нәтижесінде:
1-орын — «Төртбұрыш» тобы, 2-орын — «Үшбұрыш» тобы марапатталды.
✅ 11-сынып оқушыларына «Математикалық сауаттылық» тақырыбында шебер-сынып өтті. Әр түрлі мәнмәтіндегі процестерді сипаттау үшін математикалық модельдерді құру әдістерін игеру; зерттеушілік қызметі мен өмірлік жағдайларда қолдану үшін алынған математикалық білімдер мен дағдылардың пайдасын ұғыну; қойылған міндеттерді шешуде кең ауқымды коммуникативтік дағдыларды игерудің маңыздылығын бағалау; әр түрлі математикалық есептерді, соның ішінде қолданбалы сипаттағы есептерді шешу мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.