«Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында» 2025-2026 оқу жылында 2 қыркүйектен бастап «Инклюзия қолдау» кабинеті ашылды. Кабинет барлық қажетті жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етілген. Балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріліп, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес ашық әрі жайлы түстермен безендірілген.
ИҚК кабинеті ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жалпы білім беру үдерісіне толықтай араласуына, өз қатарластарымен бірге білім алуына жағдай жасайды. Бұдан бөлек, оқушыларға қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды меңгертуге баса назар аударылады. Әрбір балаға жеке даму бағдарламасы әзірленіп, оның білім алу және даму ерекшеліктері ескеріледі.
Кабинетте Монтессори әдістемесіне арналған таратпа материалдар, құрғақ бассейн, балансирлер, конструкторлар мен түрлі оқу іс-әрекетіне қажетті оқу құралдары бар. Сонымен қатар, кабинеттің ерекше тұсы – релаксация бөлмесі. Бұл жерде балалар әуен тыңдап демалуға немесе құм терапиясымен айналысуға мүмкіндік алады.
В КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» был открыт кабинет КПИ.
Кабинет оснащен необходимым оборудованием и мебелью и оформлен в светлых тонах для комфортного пребывания детей с учетом особенностей психофизического развития и рекомендации психолого-медико-педагогической консультации.
КПИ позволит учащимся школы с особенными образовательными потребностями включиться в общеобразовательный процесс, учиться со своими сверстниками. По мимо образовательного процесса, учащихся будут обучать элементарным социально-бытовым навыкам. Для каждого ребенка составляется индивидуальная программа развития.
В кабинете имеются раздаточные материалы по методике Монтессори, сухой бассейн, балансиры, конструкторы, пособия для разных видов обучающей деятельности. Изюминкой кабинета является комната релаксации, где ребенок под приятную музыку может просто отдохнуть или заняться песочной терапией.