23 ақпан күні «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар легі:
✅ география пәнінің мұғалімі Каракбаева М. М. 6 «А» сыныбында «Энергия түрлері мен көздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Энергия түрлерін, энергия көздерін ажыратуды үйрету, градусникті, термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу, энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру. Wordwаll , Quiziz, classroom платформасы, тарсия, SWOT, INSERT әдістері қолданылды.
✅ математика пәнінің мұғалімі Ахметова Д. Д. «Тригонометрия формулалары» тақырыбында 9 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Тригонометриялық бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қолдануды үйрету. Сабақта ауызша есеп шығару, тақтамен жұмыс, жұптық тапсырмалар орындау арқылы тарауды қорытындылады. Оқушылар сабақта белсенді болды. Білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.