24 ақпан күні «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар:
✅ химия пәнінің мұғалімі Хамитова С. К. 7 «Ә» сыныбында «Химиялық элементтердің жіктелуі. Периодтық кестенің құрылымы» тақырыбында ашық Lesson study әдісімен сабақ өткізді. Мақсаты: Периодтық кестенің құрылымын білу, периодтық кестенің құрылымын сипаттау. Зертеу сабағында А, В, С деңгейінің балалары жеке мұғалімдерге бекітіліп анықталды. Зертеуге алынған оқушылармен жеке сұқбат алынды. Мұғалім сабақта twig-bilim.kz, smk.edu.kz, padlet.com ресурстарын пайдаланылды. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. Сабақ қызықты, жоғарғы деңгейде өткізілді.
✅ математика пәнінің мұғалімі Уркен Г. А. 8-сыныптар арасында «Математикалык лабиринт» сайысын өткізді. Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық белсенділігін дамыту; топпен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру. Сайыс: таныстыру, бәйге, есепке кім жүйрік, ұшқыр ой сайысы, формулалар сөйлейді, жекпе-жек, топ басшылар сайысы. Жарыста 8 «А» сыныбының «Болашақ» тобы – 1-орын, 8 «Ә» сыныбының «Білгір» тобы 2-орынмен марапатталды.
✅ биология пәнінің мұғалімі Елемес О. М. 7-сыныптар арасында «РroБио» интеллектуалды жарыс ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді. Олар: «Таныстыру», «Бәйге», «Жылдамдық», «Жекпе жек» «Кальмар». Әр кезең бойынша қатысушыларға әртүрлі тапсырмалар берілді. Жарыста 7 «Ә» сыныбының «Жас экологтар» тобы – 1-орын, 7 «А» сыныбының «Жас биологтар» тобы 2-орынмен марапатталды.