22 ақпан күні «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі аясында 2 ашық сабақ және жарыс өткізілді.

✅ Биология мұғалімі, жас маман Елемес О. М. 8 «Ә» сыныбында «Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау. Оқушылар 3 топта жұмыс жасады. Сабақ барысында қолданылған платформалар: socrative.teacher, flippity.net, mozaweb, classroomscreen, Narakeet арқылы функционалды сауаттылық тапсырмасы,  тарсия әдісі арқылы берілген сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіру парақтарды ретімен орналастырып белгілі бір пішін шығарды. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.

✅ 6 «А» сыныбында математика пәнінің мұғалімі Нөкербекова Г. А. «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешудің тиімді тәсілдерін үйрену,есептер шығару.Сабақта жеке,жұптық,топтық тапсырмалар орындалды.

✅ 7-сыныптарда физика пәнінің мұғалімі Сағындық Ш. А. «Катапульта физикасы: Lab сынақ» жарыс ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Қолжетімді құралдар көмегімен катапульта құрастыру арқылы кинетикалық, серпімділік энергия, күш түрлерін, проекциялық қозғалысты зерттеу. Жарыста оқушыларды 3 топқа бөле отырып, жарыстың мақсаты мен өту тәртібі таныстырылды. Катапультаның суретін салып, сұлбасын құрастырды. Оқушылар катапульта жобасын анық, жүйелі түрде қорғады. 1-орын «Энштейн», 2-орын “Ньютон”, 3-орынмен «Паскаль» топтары жеңіске жетті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *