«Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жарпатылыстану-математика пәндерінің онкүндігі аясында 21 ақпан күні өткен іс-шаралар легі:

8 «А» сыныбында химия пәнінің мұғалімі Хамитова С. К. «Заттардың ерігіштігі. № 5 зертханалық  тәжірибе» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта заттардың ерігіштігіне температураның әсерін білу және түсіну, заттың 100 грамм судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру арқылы оқушылар өз білімін жетілдіріп, тұрмыста қолданылатын заттардың ерігіштігін түсініп есептей алды. Сабақ кезінде Classroomscreen, Socrative, Bilimland  платформалары пайдаланылды.Зертханалық жұмыс жасау арқылы оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді.

7-9 сынып оқушылары арасында информатика пәнінің мұғалімі Алиева Ш. А. «Ақпарат әлемі» тақырыбында интеллектуалды сайысын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық  қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу,  өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *