2025 жылғы 17–18 қыркүйек күндері “Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты” КММ-де 1–10 сыныптар арасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен жеке сыныптарда ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жиналыстың мақсаты:
Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың оқу жетістіктері мен тәрбие барысын талқылау, жаңа оқу жылының міндеттерімен таныстыру.
Көтерілген негізгі мәселелер:
• 2025–2026 оқу жылының мақсат-міндеттері;
• Оқушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы;
• Қауіпсіздік ережелері мен мектеп тәртібі;
• «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралар;
• Ата-аналардың мектеп өміріне қатысу белсенділігін арттыру жолдары.
Жиналыс барысында ата-аналармен ашық диалог орнатылып, пікір алмасу мен ұсыныс-пікірлер айту мүмкіндігі жасалды. Сынып жетекшілері әр оқушының оқу-тәрбие барысына жеке тоқталып, ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатуға ерекше мән берді.
Нәтижесінде, ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өтіп, мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен бірлесе әрекет етуге бағытталған сенімді қарым-қатынас орнатылды.
#Адал_азамат
#Мектеп_және_отбасы
#Тәрбие_ісі

17–18 сентября 2025 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» прошли родительские собрания для 1–10 классов в индивидуальном формате. Классные руководители обсудили с родителями цели и задачи нового учебного года, успеваемость и посещаемость учеников, правила безопасности, дисциплину, а также участие семей в воспитательной программе «Честный гражданин».

Собрания прошли в форме открытого диалога, что позволило укрепить сотрудничество школы и родителей, подчеркнуть важность совместной работы и индивидуального подхода к каждому ученику.

#Адал_азамат
#Мектеп_және_отбасы
#Тәрбие_ісі

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *