Бүгін, 20 ақпан күні мектебімізде «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жаратылыстану-математика пән бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өті. Онкүндіктің мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Өз Отанының табиғатын қорғай білуге бағыт беру, табиғатты қорғау шараларына белсенді араласу дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Мектеп фойесінде парламент мүшелері мұғалімдерді гүлмен қарсы алып, бүгінгі күндеріне сәттілік тіледі.
Мектептің спорт залында апталықтың ашылуына арналған салтанатты жиын өтіп, мектеп оқушылары жаратылыстану пәндері бойынша костюмдермен флешмоб қойды. Мектептің 3-қабатында әдістемелік бірлестік мүшелері «Мамандыққа баулу» көрмесін ұйымдастырды. Көрме 9-11 сынып оқушыларына арналып жасалды. Көрмеде әр пән бойынша мамандыққа баулу мақсатында тәжірибелер жасалып, лепбук, макет, табиғат әлемінде жануарлар мен өсімдіктердің көрмесі, голограммалар т.б. жасалып қызықты өтті. Мұғалімдерге арналған релаксация кабинеті ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/100026234298594/videos/723317802670708/