«Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» әдістемелік апталығы аясында 25 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі А. М. Малибекова 4-сыныптар арасында «Тапқыр достар» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой-өрісінің қызығушылығын дамыту. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Ойынға 3 топ қатысты. Әр топта 5 баладан болды. Ойын 5 кезеңнен тұрды: 1-кезең «Сөз тапқанға…», 2-кезең «Ойлан тап», 3-кезең «Сен білесің бе?», 4-кезең «Кім тапқыр?», 5-кезең «Мақал-мәтелдер жарысы». Ойын қортындысы бойынша «Қыран» тобы жеңімпаз атанды. Шара барысында балалар мұғалім жетекшілігімен ойынға белсене қатысты. Мұғалім ойын технологиясының көмегімен әртүрлі дидактикалық материалдарды белсенді түрде пайдаланды.