“Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында” КММ тәрбиеші Тлеубекова Қ.О. жетекшілігімен “Ана – отбасының берекесі” тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты — оқушыларға ананың отбасындағы орны мен рөлін ұғындыру, аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау болды.
Іс-шара барысында оқушылар:
• Ана туралы тақпақтар, нақыл сөздер айтып,
• Әндер орындап, анаға деген сүйіспеншіліктерін білдірді;
• Көріністер қойып, отбасындағы ананың маңызын сахналық түрде көрсетті;
• Ашық сұқбаттар арқылы өз ойларымен бөлісті.
Шараға мектептің педагогикалық ұжымы мен тәрбиеленушілер белсенді қатысып, жылы әсер алды. Оқушылар анаға деген алғыс пен ризашылықтарын білдіріп, “Ана – өмірдің шуағы, отбасының шуағы” деген ой түйді.
Тәрбие сағаты мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
В КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» воспитателем Тлеубековой К.О. было проведено воспитательное мероприятие на тему «Мать — опора семьи».
Цель воспитательного часа — помочь учащимся осознать роль и значение матери в семье, воспитать чувство любви и уважения к мамам, а также пропагандировать семейные ценности.
В ходе мероприятия учащиеся:
• читали стихи и пословицы о матери;
• исполняли песни, выражая свою любовь к мамам;
• показывали театрализованные сценки, раскрывающие важность матери в семье;
• делились своими мыслями через открытые беседы.
В мероприятии приняли активное участие педагогический коллектив и воспитанники школы, оставившие положительные впечатления. Учащиеся выразили свою благодарность и признательность матерям, сделав вывод: «Мама — это свет жизни, тепло семьи».
Воспитательный час прошёл содержательно и с высокой воспитательной ценностью.
#Адал_азамат