Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.
І отырыс.
1. 2022-2023 оқу жылында «Жас мамандар» мектебінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысын талдау.
2. 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру.
3. Жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже және жекеленген ережелермен таныстыру туралы.
4. Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспарын бекіту.
5. Әдістемелік көмек.Тақырыбы: «Күнделікті сабақ жоспарын, күнтізбелік сабақ жоспарын жазу тәсілін үйрету».
ІІ отырыс
1. Әдістемелік көмек. Тақырыбы:«Нормативтік құжаттар»
2. Дөңгелек үстел. Тақырыбы «Сабақ жоспарларының үлгілері». Пән бойынша бағдарламалар және тақырыптық күнтізбелік жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) күнделікті сабақ жоспарын қалай құрастыру құрылымдарымен таныстыру.
3.Тәлімгердің сабақтарына қатысып, тәжірбие алмасу.
Қорытынды: Биылғы 2022-2023 оқу жылының 1-тоқсанында жас маман биология пән мұғалімі Елемес О. М.-мен 1-тоқсанда жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Жас маманға тәлімгер тарапынан әдістемелік көмектер берілді. Нормативті құжаттар, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ, күнтізбелік сабақ жоспарларын жазу тәсілдерін үйренді. Тәлімгердің сабақтарына және керісінше тәлімгер жас маман сабақтарына өзара қатысып тәжірбиесімен алмасты.