2025 жылдың 12 қыркүйегінде “Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты” КММ-сінде Отбасы күніне орай «Отбасы – алтын ұям, спорт – серігім!» атты ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен спорттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Шара барысында ата-аналар мен оқушылар және Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Әлімбай Жансая Қалтайқызы қатысып командаларға бөлініп, әртүрлі спорттық кезеңдер бойынша сайысқа түсті. Белгіленген кедергілерден өту, эстафеталық жарыстар, шапшаңдық пен ұйымшылдықты талап ететін ойындар арқылы қатысушылар өздерінің ептілігін, күшін және бірлігін көрсете білді.
Жарыс соңында белсенділік танытқан отбасыларға дипломдар мен мадақтамалар табысталып, марапатталды. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасып, осындай бірлік пен сергектікті ұштастыратын шаралардың маңыздылығын атап өтті.
#ОтбасыКүні
#АдалАзамат
#СалауаттыӨмірСалты
12 сентября 2025 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» в честь Дня семьи было проведено спортивно-познавательное мероприятие под названием «Семья — мой золотой очаг, спорт — мой спутник!», с участием родителей и учащихся.
Цель мероприятия — пропаганда семейных ценностей, укрепление взаимосвязи между родителями и детьми, а также воспитание здорового образа жизни.
В рамках мероприятия родители, учащиеся, а также старший инспектор группы по борьбе с семейно-бытовым насилием, майор полиции Алимбай Жансая Калтайкызы были разделены на команды и приняли участие в различных спортивных этапах. Через преодоление препятствий, эстафеты и подвижные игры, требующие ловкости, командного духа и слаженности, участники проявили силу, сплочённость и активность.
В завершение мероприятия активные семьи были награждены дипломами и благодарственными грамотами. Участники разошлись с приподнятым настроением, отметив значимость таких мероприятий, сочетающих здоровье, единство и радость.
#ОтбасыКүні
#АдалАзамат
#СалауаттыӨмірСалты
https://www.instagram.com/p/DOgbvhFDAP1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==