9 қыркүйек күні тәрбиешілер Сейтжанова Г.К. және Жумабекова А.М. 1–4 сынып оқушыларымен «Менің отбасым» атты тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін тереңдету;
Отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу;
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу;
Отбасы құндылықтарын қастерлеуге баулу.
Тәрбие сағаты барысында:
Балалар отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат қазына екендігін ұғынды. Отбасында бізге ең жақын адамдар – әке, ана, аға-апалар мен бауырлар әрқашан қамқор болып, сүйіспеншілік танытатыны айтылды.
Оқушылар үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, бір-біріне көмектесу, ата-ананың ақылын тыңдау – әр отбасының негізгі дәстүрі екендігін білді.
Сондай-ақ әр отбасындағы жақсы әдеттер мен салт-дәстүрлердің, мысалы: бірге дастархан басында отыру, мерекелерді бірге тойлау, жылы сөз айту – отбасы бірлігін арттыратынына тоқталды.Балаларға отбасы – тірек, қорған, қуаныш пен байлық екендігі түсіндіріліп, ата-ананы сыйлау, қуанту әрбір баланың парызы екені ерекше атап өтілді.
Қорытынды:
«Отбасы – менің алтын ұям. Ол – менің қуанышым, қорғаным, байлығым!»
#Адалазамат
#Отбасыкүні
9 сентября воспитатели Сейтжанова Г.К. и Жумабекова А.М. провели среди учащихся 1–4 классов классный час на тему «Моя семья».
Цель:
закрепить знания учащихся о семье и семейных ценностях;
подчеркнуть важность семьи в жизни человека;
воспитывать у детей сплочённость, ответственность, ловкость, умение выражать свои мысли;
формировать уважительное отношение к семейным ценностям.
В ходе классного часа:
Дети узнали, что семья – самое дорогое богатство в жизни каждого человека. В семье рядом с нами всегда самые близкие люди – отец, мать, братья и сёстры, которые любят, заботятся и помогают.Было отмечено, что в семье мы учимся уважать старших, заботиться о младших, помогать друг другу и слушать советы родителей, которые направляют нас на правильный путь.Также говорилось о том, что у каждой семьи есть свои традиции и хорошие привычки: совместные трапезы, празднование важных дат, добрые слова друг другу – всё это укрепляет семейное единство.Ребята сделали вывод, что семья- это опора, защита радость и богатство каждого.
https://www.instagram.com/p/DOaGdw5iIXl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==