8-10 сыныптар арасында 9 қыркүйекте “ Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты” КММ- сінде «Отбасы — алтын діңгек» тәрбие сағаты өтті.
Отбасы — әр адамның өміріндегі ең қымбат, ең қасиетті ұғым. «Отан — отбасынан басталады» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі біз алғаш тәрбиені, сүйіспеншілікті, қамқорлықты өз отбасымыздан аламыз.
Әке — отбасының тірегі, ана — отбасының жүрегі. Олар балаларына дұрыс жол көрсетіп, тәрбие береді. Отбасында бірлік пен сыйластық болса, ол отбасы мықты болады.
«Алтын діңгек» дегеніміз — берік, мықты тіреу деген мағына. Отбасы — дәл сондай бізге өмірде тіреу болатын асыл қазына. Біз отбасымыздың арқасында бақытты, көңілді, қамсыз өмір сүреміз.
Отбасында әр адам бір-бірін сыйлап, көмектесіп, қолдап отыруы керек. Жақсы сөз айтып, жылы көңіл білдіру — отбасыны бақытты етеді.
Біз өз отбасымызды мақтан тұтуымыз керек. Әрқашан ата-анамыздың айтқанын тыңдап, оларды құрметтеп, қуанта білуіміз қажет.
Отбасы — бұл сүйіспеншілік, бірлік, мейірімділік және қамқорлық. Шын мәнінде, отбасы — алтын діңгек!
Тәрбиеші: Тлеубекова Қ. О.
