2025 жылдың 9 қыркүйегінде «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының» КММ
6–9 сыныптар арасында «Менің отбасым – менің байлығым» атты тәрбие сағаты өтті.
Отбасы – адам үшін ең қымбат құндылық. Ол – біздің тірегіміз, қолдауымыз, махаббат пен түсіністіктің бастауы. Біз дүниені тануды ең алдымен отбасымыздан бастаймыз. Ата-анамыз бізді мейірімділікке, адалдыққа, қамқорлық пен сыйластыққа үйретеді. Олар бізге тек білім ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибесін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерін де жеткізеді. Әр отбасы ерекше, әрқайсының өз тарихы, өз атмосферасы бар. Бірақ бәрін біріктіретін ортақ құндылықтар бар: сүйіспеншілік, түсіністік және бір-біріне қамқорлық. Дәл осы құндылықтар отбасыны нағыз байлыққа айналдырады.Берік, тату отбасы бар адам өзін сенімді әрі тыныш сезінеді. Өйткені ол қиын сәтте жанынан қолдайтын, тыңдайтын, ақыл-кеңес беретін жандардың бар екенін біледі.Отбасын қадірлеу, ата-ананы құрметтеу – әрқайсымыздың міндетіміз. Әжелер мен аталарды қолдау, бауырларды сыйлау – отбасының татулығын арттырады. Отбасы – біздің ең басты құндылығымыз, өйткені «Менің отбасым – менің байлығым!»
9 сентября 2025 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» среди 6-9 классов прошел воспитательный час: “Моя семья — моё богатство”
Семья — это самое главное, что есть у человека. Это наша опора, поддержка, источник любви и понимания. С раннего детства мы познаём мир именно через семью. Родители учат нас добру, честности, заботе и уважению. Они делятся с нами не только знаниями, но и своим жизненным опытом, традициями, которые передаются из поколения в поколение.
Каждая семья уникальна, у каждой — своя история, своя атмосфера. Но есть то, что объединяет всех: любовь, взаимопонимание и забота друг о друге. Именно эти ценности делают семью настоящим богатством. Он знает, что его поддержат в трудную минуту, выслушают, помогут советом. Важно беречь и уважать свою семью. Быть благодарными родителям за всё, что они для нас делают. Поддерживать бабушек и дедушек, уважать братьев и сестёр. Пусть семья всегда будет нашей главной ценностью, ведь “Моя семья — моё богатство!
https://www.instagram.com/p/DOY0vBFjBHe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==