Бүгін 9.09.2025 жылы «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында» КММ
6–7 сынып оқушылары арасында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлін түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар «отбасы» ұғымының маңызын ашып, өз ойларымен бөлісті. Бақытты отбасының белгілері, ата-ананың орны, бірлік пен татулықтың мәні туралы пікірталас жүргізілді. Сынып оқушылары өлеңдер оқып, эссе жазып, көріністер қойды. Сонымен қатар, өмірден алынған мысалдар келтіріліп, бейнероликтер көрсетілді.
Қорытынды:
Іс-шара оқушылардың отбасы туралы түсінігін кеңейтіп, олардың ата-анаға деген құрметін арттырды. Оқушылар тәрбие сағатынан жақсы әсер алып, отбасының әр адам үшін тірек әрі қуаныш екенін терең ұғынды.
Тәрбие сағатын жүргізген: Нөкербекова Г.А. ✅
Сегодня 9.09.2025 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» среди учащихся 6–7 классов прошёл воспитательный час на тему «Семья – очаг счастья».
Цель:
Познакомить учащихся с ролью семьи в обществе, воспитывать уважение к семейным ценностям, почитание старших и заботливое отношение к младшим. Формировать у детей такие человеческие качества, как доброта, ответственность и взаимное уважение.
В ходе воспитательного часа учащиеся раскрыли значение понятия «семья», поделились своими мыслями. Была проведена дискуссия о признаках счастливой семьи, роли родителей, важности единства и согласия. Школьники читали стихи, представляли эссе и инсценировки. Также были приведены примеры из жизни и показаны видеоролики.
Итог:
Мероприятие расширило представление учащихся о семье, способствовало укреплению уважения к родителям. Ребята получили положительные впечатления и осознали, что семья – это опора каждого человека.
Воспитательный час провела : Нокербекова Г.А. ✅