ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға арналған Жолдауы – елдің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Мұғалім ретінде Жолдауда айтылған білім беру саласына қатысты бастамаларға ерекше тоқталғым келеді.
1. Білім беру сапасын арттыру
Президент үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу үшін 1 000-нан астам жаңа мектеп салу жоспарын жариялады. Сондай-ақ халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерге сыйақы беру бастамасы ұстаз еңбегінің бағалануының жарқын көрінісі.
2. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы
Бұл бастама – әр баланың болашағына жасалған инвестиция. Ол балалардың білім алуына, кәсіби бағыт алуына көмектеседі. Мұғалім ретінде бұл жобаны толық қолдаймын.
3. Әлеуметтік қолдау және мұғалім мәртебесі
Ең төменгі жалақыны көтеру, зейнетақы жүйесін жетілдіру – ұстаздар табысына да оң әсерін тигізетін маңызды қадамдар. Бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі ең алдымен мұғалімнің жағдайына байланысты.
Президент Жолдауы – нақты істерге негізделген, қоғамның барлық саласын қамтыған құжат. Ол білім беру жүйесіне жаңа серпін беретініне сенімдімін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Құрмаш А.Е.
Послание Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева на 2025 год — важный документ, определяющий направление развития страны. Как учитель, хочу особенно отметить инициативы, касающиеся сферы образования.
1. Повышение качества образования
Президент озвучил план по строительству более 1 000 новых школ для решения проблем трехсменного обучения и аварийных зданий. Кроме того, инициатива по выплате премий учителям, подготовившим победителей международных олимпиад, является ярким примером признания труда педагогов.
2. Программа «Национальный фонд – детям»
Эта инициатива — инвестиция в будущее каждого ребёнка. Она поможет детям получить образование и определиться с профессиональным направлением. Как учитель, я полностью поддерживаю этот проект.
3. Социальная поддержка и статус учителя
Повышение минимальной заработной платы и совершенствование пенсионной системы — важные шаги, которые положительно отразятся и на доходах педагогов. Конкурентоспособная система образования, в первую очередь, зависит от условий труда учителей.
Послание Президента — это документ, основанный на конкретных действиях и охватывающий все сферы общества. Уверен, что оно придаст новый импульс развитию системы образования.
Учитель казахского языка и литературы:
Курмаш А.Е.
https://www.instagram.com/p/DOVqXIhjCCs/?utm_source=ig_web_copy_link