«Балалығым – бал бұлағым» атты мәдени-спорттық іс-шара өтті
Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мектебіміздің ауласында ерекше көңіл-күйге толы «Балалығым – бал бұлағым» атты мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерекелік күн сондай-ақ «Болашақ» жазғы мектеп жанындағы демалыс лагері жұмысының ресми ашылуымен тұспа-тұс келді. Мерекелік шараға 1–6 сынып оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін паш етті. Балалар ән салып, би билеп, түрлі-түсті бормен асфальтқа сурет салып, түрлі спорттық ойындарда бақ сынады. Әсіресе, оқушылардың шығармашылыққа, спортқа деген белсенділігі мен ынтасы ерекше қуантты. Іс-шара барысында балаларға арнайы дайындалған сусындар, тәттілер мен балмұздақтар таратылып, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті. Шараның соңында ұйымдастырылған әсем флэшмоб балалардың жүздеріне күлкі, көңілдеріне шаттық сыйлады. Бұл мерекелік күн – балалардың жазғы демалысын көңілді, мазмұнды әрі пайдалы өткізуге бағытталған игі бастаманың сәтті бастамасы болды.
Сегодня, 1 июня — в Международный день защиты детей, на территории нашей школы прошло яркое и радостное культурно-спортивное мероприятие под названием «Детство — мой сладкий родник». Этот праздник также совпал с официальным открытием пришкольного летнего лагеря «Болашак». В мероприятии приняли активное участие учащиеся 1–6 классов. Дети пели песни, танцевали, рисовали цветными мелками на асфальте, участвовали в спортивных играх и демонстрировали свои таланты. Особенно порадовала творческая активность и спортивный энтузиазм ребят. Во время праздника детям были предложены напитки, сладости и мороженое, что сделало атмосферу ещё более праздничной и тёплой. Завершился день весёлым флешмобом, который подарил детям отличное настроение и море улыбок. Это мероприятие стало прекрасным началом доброй инициативы, направленной на то, чтобы летние каникулы детей были весёлыми, содержательными и полезными.