6 қаңтар күні қалалық Білім бөлімінің «Педагогтердің АКТ құзыреттілігін жоғарылату» жобасының жұмыс жоспары бойынша «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Коктаева Нургуль Нуроллаевна Zoom сервисі арқылы қала мұғалімдеріне «Мультимедиялық презентацияларды жасауға арналған Prezi. Powtoon. Piktochart сервистерін қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында воркшоп ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: педагогтардың өз кәсіби қызметінде АКТ технологияларын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, презентация бағдарламасының заманауи баламаларын ағылшын тілін үйрену үшін пайдалану үшін зерделеу, презентацияны құру және баптау қабілетін қалыптастыру, оқу үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізуді ынталандыру. Воркшоп барысында Нургуль Нуроллаевна презентация жасауға арналған «Prezi. Powtoon. Piktochart» платформалары туралы жалпы ақпарат беріп, тиімділігі мен ерекшеліктеріне тоқталды. Практика жүзінде Powtoon бағдарламасында жұмыс істеу ережесі мен баптауларымен таныстырып, көрсетті. PowToon мүмкіндіктері қызметке тіркелгеннен кейін қолжетімді болады. Атап айтқанда, үлгілерді пайдалануға, слайдтарға қосу үшін анимациялық мультфильм кейіпкерлері мен нысандарды пайдалануға, музыка қосуға және т.б. Нысандарды қосу кейіннен өзгерту үшін оларды жай ғана редактордың жұмыс өрісіне сүйреп апаруға негізделген.Воркшоп соңында мұғалімдер кері байланыс жасап, сұрақтар қойылып, жауап қайтарылды.