6 қаңтар күні қалалық білім бөлімінің «Педагогтердің АКТ құзыреттілігін жоғарылату» жобасының жұмыс жоспары бойынша «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Біләл Наздана Жаңабекқызы Zoom сервисі арқылы қала мұғалімдеріне «Бастауыш сыныптарды оқытуда Online Test Pad, Quizlet ойындар мен тесттер жасау қызметтерінің қолдану тиімділігі» тақырыбында воркшоп ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Оқушыларға білім беру жағдайында білім беру платформаларының мүмкіншілігін пайдалана отырып, педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін дамыту. Воркшоп барысында Наздана Жаңабекқызы Online Test Pad, Quizlet платформаларының тиімділігі мен ерекшеліктеріне тоқталды. Білім беру жүйесінде платформалардың рөлі қазіргі таңда өте жоғары, себебі түрлі платформалар мен сервистер арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз бірігіп жұмыс істей алады, білімдерін онлайн жалғастыруға, ақпараттар арқылы өздерінің білімдерін шыңдауга зор мүмкіндік алатыны туралы айтылды. Воркшоп соңында мұғалімдер кері байланыс жасап, сұрақтар қойылып, жауап қайтарылды.