5-9 желтоқсан аралығында мектебімізде «Код сағаты Қазақстан 2022» акциясы өтті. Код сағаты жай ғана акция емес. Бұл оқушылардың әртүрлі топтарындағы STEM белсенділігін өлшеуді бастау мүмкіндігі. Код сағатының мақсаты – қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын ояту. Биылғы акцияның тақырыбы – жасанды интеллект. Апталық барысында оқушыларға «Жасанды интеллект: робот VS адам» атты танымдық-практикалық сабақ өткізілді. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты. Сабақ соңында қатысушыларға сабақты аяқтағаны туралы сертификаттар берілді. Мектеп бойынша барлығы 174 оқушы қатысты.