5-11 желтоқсан аралығында «Код сағаты Қазақстан 2022» жаһанды акциясын өткізілу жоспарланды. «Код сағатының» мақсаты – қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын ояту. Биылғы акцияның тақырыбы – жасанды интеллект.
5 желтоқсан күні акция аясында 5-сынып оқушыларымен «Жасанды интеллект: робот vs адам» атты танымдық-практикалық сабақ өтті. Бұл сабақтың негізгі мақсаты — бағдарламалау негіздері туралы айту, балаларды жасанды интеллектке қызықтыру және болашақта IT және STEM салаларында табысқа жетуге шабыттандыру. Сабақ барысында оқушылар «Жасанды интеллекттің көмегімен тағы қандай міндеттерді шешуге болады» деген тақырыпты топпен талқылап, Code.org платформасында тапырмаларды орындады. Сабақ соңында қатысушыларға сабақты аяқтағаны туралы сертификаттар берілді. Қатысушы оқушылар үлкен қызығушылықпен атсалысып отырды. Сабақ соңында қатысушыларға сабақты аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.