23 қыркүйек күні ұстаздарға «Мұғалім жұмысында MS Excel электрондық кестелерін қолдану» семинар-практикум өтті. Мақсаты: Ұстаздардың электронды деректерді құру білімдерін тереңдету, толықтыру. Семинар барысында төмендегі міндеттер орындалды:
1) Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;
2) Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
3) Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуға;
4) Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардан алып тастауға;
5) Жол, баған немесе ұяшықтарды ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;
6) Ұяшықтардан ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
7) Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
8) Диаграмма тұрғызуға;
9) Графикалық объектілер кірістіруге;
10) Баспаға шығаруға мүмкіндік береді;
Ұстаздар белсене қатысып, өздеріне электронды деректерді құру негізін меңгеріп шықты.