9 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңі үлкен қызығушылықпен өтті. Бұл байқау қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығын насихаттау, жас таланттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау барысында «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» номинациялары бойынша жас ақындар өз өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің 9 А сынып оқушысы Болатбекұлы Аңсар ерекше дарындылығымен көзге түсіп, аталмыш номинацияда 2-орынды иеленді.
Аңсардың шығармашылығы мен өнері көпшіліктің көңілінен шығып, оның болашағынан үлкен үміт күттіретіні сөзсіз. Мектеп ұжымы мен оқушылар Аңсарды жеңісімен құттықтап, одан әрі шығармашылық табыстар тілейді!
9 апреля с большим интересом прошёл городской этап конкурса «Чтения Ильяса Жансугурова» среди учащихся 8–11 классов. Этот конкурс был организован с целью популяризации творчества выдающегося представителя казахской литературы Ильяса Жансугурова и поддержки молодых талантов.
В ходе конкурса юные поэты продемонстрировали своё мастерство в номинации «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап». Учащийся 9 “А” класса нашей школы Болатбекулы Аңсар проявил особый талант и занял 2-е место в данной номинации.
Творчество и искусство Аңсара нашли отклик в сердцах публики, и, несомненно, его ждёт большое будущее. Коллектив школы и учащиеся поздравляют Аңсара с победой и желают ему дальнейших творческих успехов!