4 мамыр күні 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесі қарсанында мектепте салтанатты жиын өтті. Жиында мектеп директоры П. Жамшыбаева оқушылар мен ұстаздарды алдағы келе жаткан мереке күндерімен құттықтап, «Жас қыран» ұйымына өтетін оқушыларға сәттілік тіледі. Тарих пәнінің мұғалімі І. Жаксыгелдин Ұлы Отан соғысы жайында мағлұмат берді. Бастауыш сынып оқушылары “Жас қыран” ұйымының мүшесіне қабылданды. Салтанатты жиын Орал Ажар мен Дүйсенбай Рахаттың орындауындағы “Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген” әнімен аяқталды.
4 мая, в канун «Дня Победы», в школе прошла торжественная линейка. На встрече директор школы П. Жамшыбаева поздравила учащихся и преподавателей с наступающими праздниками и пожелала успехов учащимся, вступившим в организацию «Жас қыран». Учитель истории И. Жаксыгельдин дал информацию о Великой Отечественной войне. Учащиеся начальной школы были приняты в члены организации «Жас қыран». Церемония завершилась песней «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген» в исполнении Орал Ажар и Дуйсенбай Рахат.