Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ жөнінде тарихи мәлімет

1961 жылы – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және қорғансыз  отбасылардан шыққан балалар үшін  № 2 мектеп-интернаты іске қосылды. Балалар үшін 10 сынып бітіріп, толық орта білім алуына мүмкіндігі туды.

1963 жылы – мектепке әйгілі геолог, Қоңырат кентінің алғашқы ашқан адам академик  Михаил Петрович Русаковтың аты берілді.

1964 жылы – интернат негізігі мектеп мәртебесіне ие болды. Оқушылар 8 сыныптық мектепті аяқтауға мүмкіндігіне ие болды.

1966 год – М.П. Русаков атындағы мектеп мұражайы ашылды. Әйгілі геологтың заттары , әдебиеттері, карталары жинақталған.  Ленинград қаласында тұрған М.П. Русаков  ұрпақтары отбасыларымен байланыс орнатылды. Тәрбиеленушілер үшін Мәскеу және Ленинград қалаларына туристік сапарлар  ұйымдастырылды.

1981 год – мектеп-интернат санаторлық мәртебесіне ие болды. Денсаулығы нашар, туберкулез ауруының әлсіз түрімен ауыратын балалар оқиды. Балалар мектепке қалалық туберкулез диспансері жолдамасымен жіберілді.

«Мектеп – денсаулық аралы»  моделі бойынша мектептің даму бағдарламасы құрылды. Жаңа денсаулық сақтау технологиялары енгізілді, сонымен қатар медициналық орталық, дәстурлі емес медицина кабинеті іске қосылды: оның ішінде, нүктелік және өзіндік массаж, жалаңаяқ жүру,   ароматерапия, және музыкамен емдеу, суық сумен шомылу, қарға шомылу.  К.П. Ивановтың «Детка»  ағзаны шынықтыру жүйесі кіргізілді. Күнделікті Денсаулық сүрлеумен өту жаттығулары ұйымдастырылды.

2000 жылы – Шұбар-Түбек  қонысында қала сыртында балалар демалыс лагері ашылды. Мұғалімдер мен оқушылар күшімен көл жағасындағы тастап кеткен үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, үйлер балалардың жатын бөлмелеріне айналды. Ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың жазғы демалыс мәселесі шешілді.

2002 жылы – жалпы білім алатын орта мектеп мәртебесіне ие болды. Тәрбиеленушілер өз денсаулығын нығайтып, 11 сынып бітіруге мүмкіндігі туды.

2006 жыл– жаңа модификация физика кабинеті жұмыс жасайды.

2010 жыл – мектепте лингафондық құрылғысы бар ағылшын тілі кабинеті жұмыс істеуде.

2011 жыл – Биоинформатика және синергетика жаңа инновациялық технологиясы енгізілді.

2012 жыл – Жылыжай және спорт алаңы корт құрылды.

2012 жыл – Мектеп автоматтық басқару «Білімал» жүйесіне енгізілді. Физика кабинетінде LCD панель орнатылды.

2014 жыл – жаңа буын компьютерлері бар информатика кабинеті жұмыс жасайды.

2021 жыл – мектеп Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Балқаш қаласының «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ болып өзгертілді.
2021-2022 оқу жылында мектеп-интернатта 388 оқушы білім алуда, оның ішінде: қазақ тілінде – 371, орыс тілінде – 17. Жетім балалар – 2, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 4, әлеуметтік аз қамтылғандар – 51 және аз қамтылған отбасылардан – 41. Мұғалімдер – 42, тәрбиешілер – 35, психолог – 1, әлеуметтік педагог – 1. Сабақ бір ауысымда жүргізіледі.
2022 жылдан бастап Қарағанды ​​облысының білім басқармасының Балқаш қаласындағы «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ мектеп-интернатында оқу тек мемлекеттік тілде жүргізілуде.
2022-2023 оқу жылында мектеп-интернатта 374 оқушы білім алуда. Жетім балалар – 1, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 3, әлеуметтік аз қамтылғандар – 51 және аз қамтылған отбасылардан – 41. Мұғалімдер – 40, тәрбиешілер – 35, психолог – 1, әлеуметтік педагог – 1. Сабақ бір ауысымда жүргізіледі.
 

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *