Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт.
Бүгін 3 маусым күні мектебіміздегі «Болашақ» жазғы демалыс алаңы өз жұмысын бастады. Мектеп жанындағы алаңның негізгі мақсаты — балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға тәрбиелеу, ойын-сауық орталықтарына экскурсия жасау, демалыс уақыттарын тиімді, көңілді өткізу, әр түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастыру арқылы балалардың қызығушылықтарын ояту. «Болашақ» жазғы демалыс алаңына 50 бала қамтылды. Сонымен қатар, жазғы демалыс алаңымыз мына бағыттар бойынша іс-шаралар жүргізетін болады.
✔ Салауатты өмір салтына баулу;
✔Эстетикалық тәрбие;
✔Азаматтық-патриоттық және ұлттық тәрбие;
✔Тәрбие беру, сауықтыру жұмыстары;
✔Интеллектуалды ойындар;
✔Спорттық шаралар;
Алаңға келген оқушылармен таңертеңгі жаттығу жасалынып, «Қырықаяқ»,«Әр заттың өз орны бар» атты түрлі ойындар ойнатылды.
Вместе с солнечными днями лета начали свою работу и детские лагеря. Летние каникулы – это особое время радости для детей.
Сегодня, 3 июня, начала работу летняя площадка отдыха «Болашак» в нашей школе. Основная цель летней пришкольной площадки – научить детей эффективно использовать свободное время, совершать экскурсии в развлекательные центры, эффективно и весело проводить досуг, а также пробуждать интересы детей путем организации деятельности в различных направлениях. 50 учащихся вовлечены в работу летней площадки отдыха «Болашак». Летняя площадка отдыха будет вести деятельность по следующим направлениям.
✔Обучение здоровому образу жизни;
✔ Эстетическое воспитание;
✔Гражданственно-патриотическое и национальное воспитание;
✔воспитательные, оздоровительные мероприятия;
✔Интеллектуальные игры;
✔ Спортивные мероприятия;
Ребята делали утреннюю зарядку и играли в различные игры, такие как, «Сороконожка» и «Каждая вещь имеет свое место».