21 мамыр күні қаламызда «Мектеп. Ата-ана. Оқушы» атты жалпы қалалық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс 5 секция бойынша қамтылды. Соның ішінде мектебіміз «Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбы бойынша семинар өткізді. Мақсаты — Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлермен бөлісу. Спикер тарих пәні мұғалімі, мектебіміздегі «Айбын» әкелер мектебінің жетекшісі – І. Т. Жақсыгелдин.
Семинарға қатысушы әкелермен психологиялық тренингтер, сауалнама сұрақтары, жағдаяттарды шешу жүргізілді.
“Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмас” деп айтқандай, әке тәрбиесі мен тәлімі бәрінен асқақ, тәрбиенің ең биік шыңы.
Бүгінгідей, қазақылықтың қаймағын батыстың жаңашылдығы бойлаған қоғамда отбасы құндылығы, әке тәрбиесі ақсап бара жатқаны жасырын емес. Осы орайда, өткізілген іс-шара әке беделін асқақтату, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін сезіндіру. Әке тәрбиесі — түгел ұлттың тура жолы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram