3 мамыр 2024 жылы Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Соғыс. Ерлік. Мәңгі есте» атты кітап көрмесімен таныстырылым өткізілді. Мектеп кітапханашысы 5-сынып оқушыларына жеңіске жету жолында Қазақстан халқының елеулі үлес қосқанын, қазақ жерінен соғысқа аттанған қанша жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алғанын, біздің де жерлестерім бар, «Балқаштық Кеңес Одағының батырлары» және «Жеңіс күнін жақындатқандар» атты оқушылар мен ұстаздар шығармашылығынан басылған альбом мен кітапшамен таныстырды, берілген мәлімет бойынша қанша жерлес- жауынгер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Ұлы Отан соғысының тарихында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қазақ жерінен шыққан батырлардың есімдері мәңгі есте. Мыңдаған қазақ жауынгерінің арасында өшпес ерлік жасағанымен, атақ-даңққа ілікпегендері де бар. Отан үшін жанын пида еткен батырлардың есімдері ұрпақтың жадынан ешқашан өшпеуге тиіс, олар туралы оқып, білейік, ерліктерін ұмытпайық!
3 мая 2024 года в библиотеке школы-интерната имени Михаила Русакова оформлена книжная выставка “Война. Подвиг. Вечная память»
В истории Великой Отечественной войны увековечены имена героев казахского народа — Бауыржана Момышулы, Талгата Бигельдинова, Толегена Тохтарова, Алии Молдагуловой, Маншук Маметовой, Хиуаз Доспанбетовой. Среди тысяч казахских воинов есть и те, кто совершил бессмертный подвиг, но не прославился”. Библиотекарь школы провела обзор выставки и рассказала учащимся 5-х классов сколько воинов, отправившихся на войну с казахской земли, о наших земляках, получивших звание Героя Советского Союза, со страниц альбома «Балқаштық Кеңес Одағының батырлары» и брошюры «Жеңіс күнін жақындатқандар». Имена героев, отдавших свою жизнь за Родину, никогда не должны исчезать из памяти потомков. Давайте читать и узнавать о их подвигах!