30 сәуір күні мектебімізге қаламыздағы көпсалалы аурухананың «жастар денсаулығы» бөлімінің педиатр дәрігері – С. В. Клюнников және психолог Т. В. Ледовская келіп, 8-11 сынып оқушыларына дәрістер өткізді. «Ерте жыныстық қатынастар және олардың салдары» тақырыбында ұл балалармен және «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Қыз бала гигенасы» тақырыптарында қыз балалармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар берілді. Бала болашағы қашанда басты назарда. Олардың ойнап жүріп отбасуына жол бермеу — әрбір саналы тұлғаның басты парызы болмақ.