25 сәуір күні мектебімізде ата-аналар қауымдастығымен кездесу болып өтті. Күн тәртібіндегі алға қойылған мәселелер – нашақорлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу және және басқа да зиянды заттармен күрес.
Кездесуге ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Нұрбек Аян Алтайұлы, ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Батырбекова Айгул Абдуллаевна, ата-аналар және ұстаздар қатысты.
Кездесуде ата-аналарға бүгінгі таңдағы жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі — синтетикалық есірткі, житс ауруы туралы мағлұмат беріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.