2024 жылдың 25 наурызында Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қорының «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығының оқытушысы Оразбекова Әсем Сатыбалдықызы мектеп ұжымына «Мектептің корпоративті мәдениеті» тақырыбында тренинг лекциясын өткізді. Мақсаты: корпоративтік мәдениет пен этиканы, оның ұйымның тиімді жұмыс істеуіне әсерін зерттеу. Тренинг мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігі мен құзыреттілігін дамытуға бағытталған, оның мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру және мұғалімдердің ынтасын арттыру. Стратегиялық нәтижелерге жету үшін мектептің миссиясы мен құндылықтарымен біріктірілген пікірлес адамдардан тұратын педагогикалық ұжымның құндылығын түсіну.
25 марта 2024 года в школе-интернате имени Михаила Русакова лектором центра педагогической трансформации «Ustaz Ulytau» благотворительного фонда «The Ulytau Educational Foundation» Оразбековой Асем Сатыбалдиновной проведен тренинг-лекция для коллектива школы на тему «Корпоративная культура
школы». Цель тренинга: изучение корпоративной культуры и этики и ее влияние на эффективную работу организации. Тренинг направлен на развитие навыков и компетенций учителей и менеджеров школы, цель которых повышение качества знаний у учащихся и повышение мотивации учителей, понимание ценности педагогической команды единомышленников, объединенных миссией и ценностями школы для достижения стратегических результатов.