2024 жыл 12 наурыз күні мектеп-интернат кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы челленджге шақыру мақсатында 7-сыныптар арасында таныстырылым өтті.
Білім басқармасының «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру бойынша еліміздің оқушыларын кітап оқуға шақыру арқылы оқу белсенділіктерін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Менің сүйікті кітабым» республикалық челлендж ұйымдастырылды.
Челленджге Қазақстан Республикасының 17 облысы және 3 республикалық маңызы бар қалаларының білім басқармалары, әдістемелік орталықтарының өкілдері, мектеп педагогтері мен оқушылары қатысуда.
Біздің Қарағанды облысына Жетісу облысынан Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесін оқуды ұсынған челлендж қабылданды, ұсынылған шығарманы наурыз айы бойы оқу тапсырылды.
Балалар бүгін біз сіздерге осы шығарманы оқуға шақырамыз. Ай бойы оқып, 2 сәуір Балалар кітабы күні мерекелік іс-шарада қортындылаймыз.
12 марта 2024 года в библиотеке школы-интерната прошла презентация среди 7 классов с целью приглашения принять участие в челлендже в рамках проекта «Читающая школа». В целях повышения учебной активности путем поощрения учащихся страны к чтению книг по реализации концепции управления образования «9 мероприятий за девять месяцев» был организован республиканский челлендж «Моя любимая книга» в рамках проекта «Читающая школа».
В челлендже принимают участие представители управлений образования, методических центров 17 областей и 3 городов республиканского значения Республики Казахстан, педагоги и учащиеся школ.
Наша область приняла челлендж из Жетысуской области, предлагающий прочитать повесть Сайын Муратбекова «Дикое яблоко», предлагаемое произведение прочесть в течение марта месяца.
Ребята, сегодня мы приглашаем вас прочитать это произведение. Месяц читаем, 2 апреля День детской книги завершаем праздничным мероприятием.