Жасанды интеллект қоғам үшін пайдалы ма, әлде зиянды ма? Жасанды интеллект қай жерде көмектесе алады, ол адамның орнын баса ала ма? Осы сұрақтарға мектеп дебат клубының мүшелері жауап іздеді. 8 ақпан күні «Цифрлық әлем» тақырыптық апталығы аясында «Ділмар» клубының мүшелері Мүкарам Қазбек және Болатұлы Аңсар жасанды интеллект пен нейрожүйелерден пайдасы мен зияндары туралы өз пікірлерін ортаға салды. Дебат ЛД форматында өткізілді. Спикерлер, жасанды интеллект робототехника, журналистика, энергетика, жасампаздық өнер және осы секілді басқа да сан алуан салаларда қолданылуы әбден мүмкін деген сөз қозғады. Дігенмен, жасанды интеллект әдептілік тұрғыда пайдаланылғаны және барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен игілігі үшін әлеуметтік және заңнамалық нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін естен шығармаған абзал.
#obb_qaraganda
#umckrg
Искусственный интеллект — это хорошо или плохо для общества? Где может помочь искусственный интеллект, сможет ли он заменить человека? Члены школьного дебатного клуба искали ответы на эти вопросы. 8 февраля в рамках тематической недели «Цифровой мир» члены клуба «Дилмар» Мукарам Казбек и Болатулы Ансар поделились своим мнением о пользе и вреде искусственного интеллекта и нейронных систем. Дебаты прошли в формате LD. Спикеры отметили, что искусственный интеллект может быть использован в робототехнике, журналистике, энергетике, творческом искусстве и многих других подобных областях. Однако важно помнить, что искусственный интеллект должен использоваться этично и соответствовать социальным и правовым нормам ради безопасности и благополучия всех.
Посмотреть эту публикацию в Instagram