Математикалық сауаттылық апталығы жоспарына сай 1-4 сынып оқушылары арасында “Киелі сандар” тақырыбы бойынша әңгіме-сұхбат өткізілді. Сандар мен олардың мағыналары туралы 5- 7 сынып оқушылары арасында «Бір саны қайдан пайда болды» және “Ғұлама ғалымдар” атты 8-9 сынып оқушылары арасында фильм көрсетілді. Оқушылар фильм көру арқылы сандардың шығу тарихымен және математика саласына үлес қосқан ғұлама ғалымдар туралы қызықты ақпараттармен танысты. Фильмді көре отырып, өз ой-пікірлерін ортаға салып талқылады. Сонымен қатар 9 «А», «Ә» сыныптары арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Оқушылар «Паскаль» және «Пифагор» болып екі топ болып ойнады. Әр топтың оқушылары математика пәніне деген білімдерін көрсетіп, сұрақтарға дұрыс жауап берді. Интеллектуалдық ойын қызықты да, тартымды өтті. Ойын соңында «Паскаль» тобы жеңіске жетті.
По плану Недели математической грамотности среди учащихся 1-4 классов была проведена беседа на тему «Сакральные числа». Ученикам 5-7 классов были показаны фильмы о числах и их значении «Откуда взялась цифра один», а 8-9-классникам — «Учёные». Посмотрев фильм, учащиеся ознакомились с историей происхождения чисел и интересной информацией об ученых, внесших вклад в область математики. Во время просмотра фильмов ребята поделились своими впечатлениями. Также среди 9 классов проведена интеллектуальная игра «Что? Где? Когда?”. Ребята играли в 2-х командах «Паскаль» и «Пифагор». Участники каждой группы продемонстрировали свои знания по математике и правильно ответили на вопросы. Интеллектуальная игра была интересной и увлекательной. По итогам игры победила команда «Паскаль».

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *