19.01 күні мектебімізде «XXI ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылығы апталығының жоспары бойынша 1-4 сыныптар арасында «Менің отбасым және кітап» фотогалереясы өткізілді. Мақсаты: Балалар әдебиетін отбасымен бірге оқуды ұйымдастыра отырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
«Кітап — өмір ұстазы» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында «Кітап алмастыру» акциясы буккросинг өтті. Акцияның мақсаты: оқушылардың тілдік, сөздік қорын байыту және кітап оқуға деген құштарлығын арттыру.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Есімбекова А. Т., Құрмаш А. Е. 8-11 сыныптарға арналған “Кітап оқуға қызығушылықты арттыру” тақырыбында жоба, дизайндар байқауын өткізді. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
#оқусауаттылығы-2024
19.01 в нашей школе среди 1-4 классов прошла фотогалерея «Моя семья и книга» по плану читательской недели «XXI век – век грамотного поколения». Цель: Повышать интерес к книгам путем организации совместного с семьей чтения детской литературы. Формирование родственных и дружеских отношений между членами семьи.
Среди 5-7 классов проведена акция буккроссинга на тему «Книга – учитель жизни». Цель акции: обогатить речь и словарный запас учащихся и повысить их желание читать книги.
Среди 8-11 классов преподавателями казахского языка Есимбековой А. Т., Курмаш А. К. проведен конкурс проектов и дизайнов на тему «Повышение интереса к чтению». Цель: повысить интерес учащихся к чтению книг, развивать личностные и творческие способности.