«Бір ел – бір кітап — 2024» республикалық акциясы бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев шығармалары жаппай оқуға ұсынылды. Сонымен қатар биыл Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Республикалық акцияның мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
2024 жылдың 10 қаңтар күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында жазушының шығармаларына арналған «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, QR-код арқылы оқуға арналған мобилді кітапхана стендінде жазушының кітаптары ұсынылды. Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын мектеп кітапханасынан алып оқуға шақырамыз!
В рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга – 2024» для массового чтения были предложены произведения Бердыбека Сокпакбаева – выдающегося казахского писателя и мастера детской литературы, привнесшего в казахскую прозу иную выразительность и загадочность. Кроме того, в этом году 100-летие Бердибека Сокпакбаева было включено в календарь знаменательных дат ЮНЕСКО. Цель республиканской акции – пропаганда казахской литературы, повышение интереса населения к чтению книг.
10 января 2024 года в библиотеке школы-интерната имени Михаила Русакова была организована книжная выставка, посвященная творчеству писателя, книги писателя также были представлены на стенде мобильной библиотеки для чтения по QR-коду. Приглашаем вас в библиотеку для прочтения произведений Бердибека Сокпакбаева!