“Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты” КММ тарих апталығы іс-шаралар жоспарына сай 15 желтоқсан күні 6-сыныптар арасында «Тарих білгірлері» атты тарихи танымдық сайыс болып өтті. Қазақстан тарихын терең білу мақсатында өткізілген сайыста «Математикалық қобдиша», «Бұл кім?» , «Жылдар сөйлейді» және «Ретін тап» секілді оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылды. Бес кезеңнен тұрған сайыста 4 топ сынға түсті. Өздерінің тарихи білімдерін көрсете білген «Зеректер» тобы жеңіске жетсе, «Алғырлар» тобы екінші орын алды. Үздік үштікке, сонымен қатар «Ойшылдар» тобы енді.
Согласно плану недели истории 15 декабря в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» среди шестиклассников прошла историко-познавательная игра «Знатоки истории». В конкурсе на знание истории Казахстана были использованы методы и приемы «Математическая шкатулка», «Кто это?», «Годы говорят» и «Найди порядок», направленные на повышение функциональной грамотности учащихся. В конкурсе-игре соревновались 4 команды. Победу одержала команда «Зеректер», сумевшая показать свои знания по истории, а второе место заняла команда «Алғырлар». Команда «Ойшылдар» также вошла в тройку лидеров.