Осыдан 32 жыл бұрын 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданған еді. 2022 жылдан бастап «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленген өзгерістер енді. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Дегенмен, бұдан Тәуелсіздік күнінің рөлі аласармайды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздіктің 32 жылында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты.
32 года назад, 16 декабря, был принят Конституционный Закон «О государственной независимости Республики Казахстан». С 2022 года в Закон «О праздниках в Республике Казахстан» внесены изменения, которые установили 25 октября – День Республики – национальным праздником, а 16 декабря – День независимости – государственным праздником. 25 октября 1990 года решением Верховного Совета Казахской ССР был принят исторический документ – Декларация «О государственном суверенитете Казахской ССР». Этот документ стал правовой инициативой, ведущей к подлинной независимости Казахстана. Однако это не умаляет роли Дня независимости. Независимость Казахстана была провозглашена 16 декабря 1991 года. За 32 года независимости Казахстан добился значительных достижений и прошел через серьезные испытания. В 1993 году наша страна ввела собственную валюту. Были утверждены государственные символы. Были установлены границы и построена новая столица. Наша страна формировалась как демократическое государство со стабильными государственными институтами и конкурентоспособной экономикой.