11 желтоқсан күні «Көк тудың желбірегені!», «Тәуелсіздік – тұғырым», «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат», «Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ!» атты сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағатында оқушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы жолындағы жетістіктері туралы айтып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелеп, Отан туралы әр тілде өлеңдер оқыды, мазмұнды презентациялар мен бейнероликтерді тамашалады. Барлық сынып сағаттары жоғары деңгейде өтіп, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, ұлтаралық толеранттылықты, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті, оның тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті. Барлық өткізілген іс-шаралар мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
#Тәуелсіздік күні
11 декабря были проведены классные часы ко дню независмости «Көк тудың желбірегені!», «Тәуелсіздік – тұғырым», «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат», «Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ!». В ходе проведения классного часа учащиеся говорили о достижениях Казахстана в период становления независимого государства, рассказывали о Государственных Символах РК, декламировали стихи о Родине на разных языках, просматривали яркие и содержательные презентации и видеоролики. Все классные часы проведены на высоком уровне, способствовали формированию казахстанского патриотизма, гражданственности, межнациональной толерантности, безграничной любви к своей Родине и уважению к её истории и культуре. Все проведенные мероприятия вызвали большой интерес и яркий эмоциональный отклик у учащихся школы.