Ұлттық құндылықты дәріптеу қашанда өте маңызды. Біз Отанын сүйіп қана қоймай, оған жан-тәнімен берілген, халқының, туған елінің құндылығын ардақтап, идеяларын алға тартатын тұлға қалыптастыруымыз керек. “Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы аясында мектебімізде 5 желтоқсан күні көркемдік жетекші А. Шаймерденов, музыка пәні мұғалімі Н. Нұрғалиеваның ұйымдасыруымен «Әсем ән мен тәтті күй…» атты ата-аналармен бірлескен іс-шара болып өтті.
Сайыс «Отбасым менің осындай» таныстыру, «Мықты болсаң тауып көр» ән-күй жайында сұрақ-жауап және «Өнерді ортаға салайық» өз өнерін көрсету сынды үш кезеңнен құралды. Сайысқа Омарбайлар отбасы, Мугражовтар отбасы және Асқарбаевтар отбасылары ат салысты. Жеңімпаздар «Өнерлі отбасы», «Дарынды отбасы» және «Үлгілі отбасы» номинациялары бойынша марапатталды.
Оқушылардың қазағымыздың әнге бай, күйге мол мұрасын түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, ата-ана мен арадағы эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің мектептегі ән, күй өнерінің ролі, оның қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту мақсатына құрылған шараға ата-аналар мен оқушылар қызыға қатысты.
Всегда очень важно прославлять национальные ценности. Мы должны не только любить свою Родину, но и должны сформировать человека, преданного ей всем сердцем, уважающего ценности своего народа, родной страны, пропагандирующего его идеи. В рамках форума «Ценностное воспитание и образование» 5 декабря в нашей школе состоялось совместное с родителями мероприятие «Әсем ән мен тәтті күй…», организованное художественным руководителем Шаймерденовым А. и учителем музыки Нургалиевой Н.
Конкурс проходил в три этапа. В конкурсе приняли участие семья Омарбаевых, семья Мугражовых и семья Аскарбаевых. Победители были награждены в номинациях «Творческая семья», «Талантливая семья» и «Образцовая семья».
Родители и учащиеся с интересом приняли участие в мероприятии, которое было создано с целью повышения осведомленности общественности о роли музыки и песни в школе, воспитания эстетического вкуса.