Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған.
Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қаситеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған.
Осы орайда 4 желтоқсан күні құндылыққа негізделген Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты сынып сағаттары болып өтті.
Мақсаты — ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы өзара қарым-қатынасты айта келе, ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
Будущее нашего общества – это сегодняшнее молодое поколение. Каждый народ призывал молодое поколение, которое про должит историю своего народа, к честности и трудолюбию.
Общество занимает особое место в системе воспитания, в формировании хороших качеств личности. Общество состоит из отдельных семей. Казахская семья состоит из представителей трёх поколений: бабушек и дедушек, родителей и детей. Хоть наш народ и вел кочевой образ жизни, он не пренебрегал воспитанием детей. Более старшее поколение всегда учило молодое поколение быть вдумчивым, вежливым и смелым через слова-назидания, пословицы, поговорки и поверья.
4 декабря в рамках ценностной программы Единого воспитания проведены классные часы «Семья – золотая колыбель воспитания».
Цель – возродить в нашем сознании тот факт, что семья является источником воспитания, которое длится веками. Прививая наше национальное казахское воспитание в сознании учащихся, упоминая о взаимоотношениях трёх лиц – родителей, ребёнка, учителя.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *