23 қарашада Балқаш мысының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында политехникалық колледж және Қарағанды облысы бойынша білім беру орталығымен бірлесіп «Мектеп — колледж — кәсіпорынның өзара әрекеттесу жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарда «Ұлытау» қайырымдылық қоры, «Мұғалімдерді трансформациялау орталығы», «Мектептегі кәсіптік бағдар беру» жобасының жетекшісі А. Оразбаева, «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің директоры А. Сыздықова өз ойларымен бөлісті. Кәсіптік бағдар берудің жаңа нысандары мен белсенді әдістерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренинг аясында мектеп мамандары мен колледж әкімшілігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Семинар барысында жиынды ұйымдастыру комитеті қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелердің кең ауқымын, өзара әрекеттесу жүйесін нығайту бойынша ұсыныстарды назарға алды.
23 ноября, накануне 85-летия Балхашской меди, совместно с политехническим колледжем и образовательным центром Карагандинской области состоялся семинар-тренинг на тему «Система взаимодействия школы – колледжа — предприятия». На семинаре выступали руководитель благотворительного фонда «Улытау», проекта «Центр трансформации учителей», проекта «Профессиональная ориентация в школе» А. Оразбаева, директор Политехнического колледжа Корпорации «Казахмыс» А. Сыздыкова. В рамках семинара-тренинга, организованного по изучению новых форм и активных методов профориентационной работы, между специалистами школы и руководством колледжа был подписан меморандум о сотрудничестве. В ходе семинара оргкомитет встречи учел широкий круг вопросов, поднятых участниками, предложения по укреплению системы взаимодействия.