Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында : Қожа Ахмет Ясауиға – 930 жыл толуына арналған 8 сыныптар арасында танымдық сағат өтті . Танымдық сағатта, «Дәуір данасы: Қожа Ахмет Ясауи» атты бейнебаян көрсетіліп, тарих пәнінің мұғалімі Жаксыгелдин Ілияс Тлекұлы өмірімен таныстырып , кітапхана меңгерушісі Анитова Светлана Айтмағанбетқызы кітапханада бар ғылыми-көпшілік шығармаларға шолу жүргізді. Каникулда ізденіс жұмыс жасап, Қожа Ахмет Ясауи туралы ой-толғау жазып келулеріне тапсырма берілді. Қожа Ахмет Ясауи – суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет» (Хикмат — жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда шыққан. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды….«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді.
В библиотеке школы-интернат им. Михаила Русакова в рамках проекта «Читающяя школа» прошел познавательный час для учащихся 8-х классов, посвященный 930 – летию Ходжи Ахмеда Ясави. На познавательном часе был показан видеоролик «Дәуір данасы: Қожа Ахмет Ясауи», учитель истории Жангельдин Ильяс Тлекович ознакомил с жизнью основателя поэзии суфизма , заведующая библиотекой Анитова Светлана Айтмаганбетовна провела обзор произведений о мыслителе, основоположнике тюркской ветви суфизма, имеющихся в библиотеке. Было дано задание на каникулах
написать эссе о Ходже Ахмете Ясави.
Ходжа Ахмет Ясави — основатель поэзии суфизма, духовный наставник и религиозный лидер всех восточных мусульман. Его обширная работа, дошедшая до сегодняшнего поколения, — «Дивани хикмет (Хикмат-сборник). Это произведение впервые было опубликовано как отдельная книга в 1878 году. Затем он несколько раз печатается в Стамбуле, Казани, Ташкенте. Один из них вышел в октябре 1901 года. Само определение человека невозможно без духовного напряжения, без искренней самоотдачи вплоть до готовности пожертвовать жизнью. Он призывает людей к справедливости, честности, доброте. Благодаря ему, тюркский язык был введен в литературный обиход.